«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты — бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және мәдени-ғылыми жобаларды жүргізу.
