Нашар көретіндерге арналған нұсқа:
SaraishyQ
Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК

Қыш майшам / Шырақ (XIV ғ.)

Тышқанмен айналдырыңыз, дөңгелекпен үлкейтіңіз.

Табылған жері: Сарайшық қалашығы

Дәуірі: Алтын Орда кезеңі

Дөңгелек пішінді, ортасында май құюға арналған кең қуысы және бір шетінде білте шығаратын ұзынша келген тұмсығы бар ортағасырлық майшам. Сұр түсті қыштан қолмен жасалған. Майшамның тұмсық бөлігінде ұзақ уақыт бойы от жағылудан қалған қара күйе мен күлдің іздері анық байқалады.

Беті күңгірт, кедір-бұдыр және кеуекті қыш. Бұл жәдігер ортағасырлық Сарайшық тұрғындарының үй тұрмысын, жарықтандыру жүйесін және қалалық қолөнершілердің қыш бұйымдарын жасау технологиясын сипаттайды.