Құрметті Ақтоты Рахметоллақызы!
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы Сізді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мейрамымен құттықтайды. Осынау жарқын мереке күні көңіліңіз көктемдей көңілді болсын. Денсаулық, бақыт, сұлулық, қуаныш тілейміз. Көгіңізден күн, құшағыңыздан гүл, өміріңізден күлкі кетпесін.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбегіңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!