2025 жылдың 18 қарашасында Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорының экскурсия жетекшісі А. Шеркешбаева Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен өткен «E-museum веб порталы: Мемлекеттік каталогты жүргізу және музей заттарын цифрландыру мәселелері» атты семинарға қатысты.
Шара барысында музей ісін цифрландыру, мемлекеттік каталогты тиімді жүргізу және заманауи веб-платформаларда музей қорларын таныстыру бағытында өзекті мәселелер талқыланды.
Семинар соңында А. Шеркешбаева арнайы сертификатпен марапатталды.









