Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» дөңгелек үстел аясында «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге негізінен Жошы Ұлысының рухани астанасы - Сарайшықтың археологиялық қазбасы кезінде табылған жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ, көрмеден Ұлық Ұлыс астаналары Сарай-Бату, Сарай-Берке және Ақ-Сарайдан әкелінген мұралар орын алды. 
Көрме Ұлттық архив ғимаратында 28-29 ақпанда өтті.

Көрме барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығымен танысты, Сарайшық зерттеу саласындағы алдағы жоспарлармен және зерттеулермен танысты. Сонымен қатар, Сарайшықты зерттеген Ә.Марғұланның қилы тағдырымен таныстырды және жаңадан табылған карта туралы, Сарайшықты зерттеудегі болашақ жаңалықтар туралы ақпараттар берілді.

Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасы жəне Туған жер туризм клубымен бірлесе «Әлеуметтік кәсіпкерлік» апталығы аясында баларларға арналған жазғы экскурсияға қатысты. Музей-қорық «Ortaǵasyrlyq Saraıshyq: Qazaq Eliniń astanasy» атты көрме ұйымдастырды.

16-17 сәуірде Атырау облысы Индер ауданында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрме болып өтті. 
Көрмеден құрылыс тастары, су және кәріз құбырлары, зергерлік бұйымдары, қағаз ақша және тиындар, сүйектен жасалған құралдар, Сарайшық жайлы еңбектер және архив құжаттары, қылыш, жебе, найзаның басы, Сарайшық туралы сыр шертетін суреттер (Автор: Отарбай Кендір) келушілердің назарына ұсынылды. Екі күнге созылған көрме барысында мұғалімдер және оқушылар, ардагерлер жалпы алғанда 200-ге жақын адам тамашалады.

2019 жылдың 10-сәуір күні «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей-қорығы «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмесі №4 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп, мұндағы жасы үлкен кісілерге және Атырау Ардагерлер кеңесі өкілдеріне қала тарихы жайлы сыр шертетін жәдігерлер ұсынылды. Көрмеде археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған қыш-құмыралар, су және кәріз құбырлары, тиындар, сонымен қатар зергерлік бұйымдары орын алды. Көрмені мекеме жұмысшыларымен қосып есептегенде 40 жуық адам тамашалады.

2019 жылдың 9-сәуір айында жастарда өлке тарихын зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей – қорығы мен Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Аталған салтанатты шара барысында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи – мәдени музей – қорығы қызметкерлері мектеп оқушылары назарына «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмені ұсынды. Көрмеге Сарайшық қаласындағы тастар, кәріз және су құбырлары, қыш бұйымдары, архивтік құжаттар, сүйектен және тастан жасалған бұйымдар, түйенің бас сүйегі, қылыш, жебе, және білтелі мылтық алып келінді. Бұл көрмеге 7-9 сынып оқушылары және олардың ұстаздары қатысты.

Форумда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты көрме алып барды. Сонымен қатар, форумды қолөнешілер, өндіріс иелері және аудандарда орналасқан музейлер қатысуда.

Ағымдағы жылдың 7-қазанында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейімен бірлесе Сарайшық мәдениет үйінде «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» және «Ұлы дала бояулары» атты көшпелі көрмесі ұйымдастырды. Көрменің ашылу салтанатында музей-қорық директорының орынбасары А.Тұрарұлы және Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі директорының орынбасары А.Каришева шығып сөз сөйледі. Сарайшық музей-қорығы көрмеге «Музейге сый тарту» акциясы аясында музей қорына жинақталған жәдігерлерді жиналғандардың назарына ұсынды.

2019 жылдың қазан айының 18-нде «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрмемен «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Көне дүние күмбірі» атты ашық есік күні және музей түні мерекелік шарасына қатысты.

1 бет. Барлығы: 2

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy