Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Ǵylymı izdenister

2019 жылы «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ғылыми-зерттеу жұмыстарына ден қойды. Алдымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған бағдарламалы-нысаналы  қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған 2 жоба дайындап министрлікке ұсынды.

1. «Ортағасырлық Сарайшық қаласы Ресей, Түрік және Иран тарихи деректерінде (ХІІІ-ХҮІ ғғ.)»жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар

2. «Солтүстік Каспий маңы ерте көшпенділерінің жерлеу дәстүрі (б.з.б ІV – б.з. ІІІ ғғ.)»жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ұ.Ахметова


Музей-қорық қызметкерлері өз қызығушылығымен бірнеше жобаларды қатар зерттеуде.

1. «Біріншілер (Атырау облысына 80 жыл)» облысты басқарған басшы тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметіне тарихи көзқарас. Монография. – жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар

2. «История создания и функционирования Прорвинского лагеря (1932-1952 гг.) – жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ұ.Ахметова

3. «Сарайшық музей-қорығы тарихы» (1999-2019жж.). Монография – жоба жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар, магистр Ж.Диярова

4. «Сарайшық Қазақ Елінің астанасы». Ғылыми мақалалар жинағы. 1-ші кітап. Құрастырушылар Ә.Мұқтар, Ф.Байдаулетов, Ж. Байғалиев


Сарайшық музей-қорығы тарихы

Бұл еңбек Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылында алдымен қоғамдық негізде, кейін облыстық өлкетану музейіне бағындырылған, ал 1999 жылдан бастап арнайы мемлекеттік мекемеге айналған Сарайшық музей-қорығының қалыптасу, даму тарихын зерделеуге арналған. Зерттеу барысында алғаш рет Атырау облысы мемлекеттік архиві, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі, Сарайшық музей-қорығында жинақталған құжаттармен қатар жергілікті баспасөз материалдары кешенді сараланып, сыни тұрғыдан зерделенді. Сондай-ақ музей-қорықты ұйымдастырған тұлғалардың ерен еңбегі қорда сақталған құнды жәдігерлер, фото-суреттер көпшілік назарына ұсынылып отыр. Кітап мәдениеттанушыларға, музей қызметкерлеріне және ата тарихымызға бейжай қарамайтын қалың оқырманға арналған.


2019 жылдың 4-14 қараша айындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкері Жұмабев Амангелді Алматы қаласындағы зерттеулері

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қазіргі уақытта «Ортағасырлық Сарайшық» энциклопедиясын шығару үшін оған енетін материалдарды жинақтауда. Осыған орай  музей-қорықтың аға ғылыми қызметкері А. Жұмабаев 2019 жылдың 4-14 қараша аралығында «Ортағасырлық Сарайшық» энциклопедиясына қажетті материалдарды жинақтау мақсатында Алматы қаласына ғылыми-зерттеу ізденіс жұмыстарына іс-сапарға барды. Ізденістер төмендегі көрсетілген мекемелерде: ҚР БҒМ ҒМ «Ғылым ордасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мұрағат қоры, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мұрағат қоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық  кітапханасының Диссертациялар бөлімі және Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметі бөлімдерінде жүргізілді.

 


2019 жылдың қараша айындағы Сарайшықты зерттеуге байланысты Нүкіс қаласындағы ізденіс жұмыстар   

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкері Байғалиев Жүніс 2019 жылдың қараша айында Өзбекстан Республикасы, Қарақалпақстан Республикасында Сарайшық қаласы тарихына байланысты материалдарды бойынша ізденіс жұмыстарын алып баруда. Негізгі мақсат Сарайшық – Хиуа қалалары арасындағы сауда керуен жолдарын зерттеу. Осы негізде Нукус қаласындағы И.В.Савицский атындағы мемлекеттік өнер музейі кітапханасында Хорезм экспедициясы материалдарымен танысып, керекті деректер жинақтады.


Музей-қорық бас инспекторы Алматы қаласында іс-сапарда болды.

“Сарайшық” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы Жұмабаев Амангелді бүгiнгi күні Алматы қаласында, Орталық ғылыми кітапханада ортағасырлық Сарайшық қаласы тарихына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.


"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ҚР Білім және ғылым министрлігінен ғылыми жобаға грант ұтты

2019 жылдан бастап "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Прорва-Астрахань лагерлері тарихын зерттеуді бастаған еді. Ол бойынша 2019 жылы мамыр айында Атырау облысы Жылыой ауданындағы Прорва мекеніне алғашқы ғылыми экспедиция жасалды. Экспедиция нәтижесінде биыл, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасы дайындалып, қаржылай қолдауға ие болды. Жоба жетекшісі - т.ғ.д., профессор Ахметова Ұлжан Төленгенқызы. Осылайша 2020-2022 жылдар аралығында “Сарайшық” музей-қорығы Прорва лагері бойынша зерттеулер жүргізбек.

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy