Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Mýzeıge syı tartý akcıasy


2019 жыл

Бейбарыс ауылы тұрғыны Ж.Шағаев музей-қорыққа ХІХ ғасырдың бас кезінде жасалған екі арбаны тарту етті. Арбаны музей-қорық қызметкері, суретші-қайта қалпына келтіруші жәдігерді қалпына келтіріп, музейге келушілердің назарына ұсынды.

 


Сагинбаев Сатыбалды 1980 жылы 10-қыркүйекте дүниеге келген. Сарайшық ауылы, Н.Ауданов көшесінде тұрады.
Әкесі С. Смағұлов мұра болып қалған арбаның дөңгелектерін «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына тапсырды.

 


 

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Музейге сый тарту» акциясы негізінде музей қорық тағы бір жәдігермен толықты. Сарайшық ауылының тұрғыны Р. Үмбетов атасы Үмбеттен қалған арбаның дөңгелегін Сарайшық музейіне тапсырды.

Бүгін, Бейбарыс ауыл тұрғыны Қ. Бляшева «Музейге сый» акциясын қолдап, жастағаш (жастық ағаш) пен кебежесін сыйға тартты.
Кебеже мен жастағаш енесі З. Уалиқызы (1912ж дүниеге келген) қалған.

 


2019 жылдың 4-қаңтарында Сарайшық селосының тұрғыны З. Қайрошева музейге теру алашасы мен қылышын тапсырды. Бұл алашаны осы уақытқа дейін сақтап келген Зәмзә апайдың енесі Ж. Қожахметова. Алашаны 1960 жылы Сәнім әже (Жаңылсын әженің енесі) тоқыған.

 


2019 жылдың 16 қаңтарында Ж. Мұқанов  «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қорығына өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жасалған, атасы Мұқан, әкесі Жолдастан қалған кебежені тапсырды.

 


2019 жылдың 26 қаңтар айында ауылымыз тұрғыны М.Уалиева өзінің қайын атасы Д. Уалиевтан қалған, ХІХ ғасырдағы құран кітабын музейге тапсырып, музейдегі жәдігерлердің қорлануына өз үлесін қосты.

 


Зейнеткер Қ. Амиров Сарайшық ауылы тұрғыны музейге тапсырған. Нағашысы Ибатулин Хадият пайдаланған арбаның бір бөлшегі.

 


2019 жылдың 24-ақпанында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығына Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке ауылының тұрғаны Н. Бисенбаев «Нұрриза» шеберхансында 2015 жылы алғашқы жасаған домбырасын сыйға тартты. Домбыраның басы, сағағы, жидек ағаштан, шанағы қара талдан,бет ағашы қарағайдан және тәжірибе ретінде шанақ ішіне ірі әйнек сынығын желіммен айластырып жағылып жасалған.

 


«Сарайшық» музей-қорығын ең алғашқы болып қолдаған ҚР Мәдениет қайраткері, профессор К. Отарбай Сарайшық қалашығына және Махамбет бабамызға қатысты өзінің 4 туындысын сыйға тартты.


 

2020 жыл

2020 жыл 14 ақпан

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жаңа жәдігерлермен толықты. "Музейге-сый" акциясы аясында Атырау қаласының тұрғыны Досқариев Маркен жер игеру жұмысы кезінде тауып алған екі құмыраны музей қорына тапсырды. Құнды жәдігерлерді музейіміздің экспозициясына ұсынған Маркендей азаматқа ұжым атынан алғыс айтамыз.

 


2020 жыл 19 ақпан

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми қоры, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында, 1940 жылы Алматы қаласында латын қарпімен басылып шыққан «Абай Құнанбайұлы Толық жинақ» (ABAI QЙNANBAI ЙLЬ TOLЬQ ҪINAQ) кітабымен толықты.

Бұл кітап Сарайшық ауылында тұрған, ұстаздық қызметпен айналысқан Тұрар Алпысбаевтың жеке кітапханасында сақталған жәдігер. Тұрар ағамыз 40 жылдан аса Атырау облысы Махамбет ауданының мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және бастауыш сыныптарға сабақ берген. Ағамыздың жұбайы мен ұрпақтары Ұлы Абайдың ертеректе шыққан шығармалар жинағын музей қорына тапсыруға шешім қабылдады.

 


"Сарайшық" музей-қорығы елімізде орын алған карантин кезінде ​ қашықтан жұмысын жалғастырып, «Музейге сый» акциясы арқылы мол жәдігерлер жинақтады.​ Олардың қатарында ​ «Ембімұнайгаз» АҚ-ның департамент директоры Рауан Сабыров та бар. Ол 2 мың жыл бұрын аймағымызды мекен еткен сармат тайпаларына тиесілі жәдігерлерден бастап XIX-XX ғасырларда жасалған жеке коллекциясындағы бұйымдарды «Сарайшық» музей-қорығына тапсырды. 

 


 

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy