Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Jádigerler

Құбырлар

Қолданылуына қарай көлемі мен пошымы әртүрлі жасалған. Кесік конусты түрінің жіңішке шетінде ернеу (муфта) бар. Муфтаның көмегімен құбырлар бір-біріне бекітіліп, су құбыры жүйесін құрайды. Олар тандыр пештерге түтін тарту үшін де, су тасымалдау мен канализация өткізуге және басқа да қажеттіліктерге қолданылған.

Құмыралар

Ірі өлшемді құмыралар. Ұзынша келген тік мойынды, дөңгелентілген кең иықты, кеңейте немесе ұзарта жасалған құмыралар көп таралған. Түптері жалпақ. Ыдыс ернеуінің диаметрі табанының диаметрінен кіші. Бұл категорияға жататын ыдыстар көп жағдайда шанағының жоғарғы тұсында көлденеңінен айналдыра және толқын іспеттес қылып салынған сызықтармен әшекейленетін болған.

Көлемі орташа құмыралар. Аласа әрі кең мойынымен және сыртқа қарай сәл шығыңқы, қимасы сопақша келген ернеуімен ерекшеленеді. Құмыра диаметрінің ең бір кеңейген жері бұйымның орта тұсы. Құмыраның түбі оның мойын диаметрінен біршама кең болып бітеді. Бұл категорияға жататын ыдыстар көбіне безендірілмейді. Кей жағдайларда ортасынын тек көлдеңен сызықтар кездседі. Кейбір құмыралардың кішігірім суағары бар.

Көлемі шағын құмыралар. Шанағы шар тәрізді, мойындары қысқа, ернеуі мен шанағын жалғастыратын тік олрналастырылған ілмек іспеттес тұтқасы бар ыдыстардан тұрады. Сондай-ақ, мойыны аузына қарай кеңейе беретін шағын құмыралар да бар. Олардың ернеуінің қимасы дөңес, шеті сыртқа шығыңқы. Шанағы күмпиген және шар тәрізді. Тұтқасының қимасы сопақ, ернеуі мен шанағы біріктіреді.

Сфероконус.Саз балшықтан шарықта нәзік түрде әсем жасалып, жоғары температурада күйдірілген қыш сфероконусты ыдыстар немесе сынапкөзелер. «Сфероконус» деп ыдыстың сыртқы пішініне қарай қарай айтылған. Ол екі сөзден: «сфера» және «конус» сөзінен құралған. Ыдыстың үстіңгі бөлігі (бүйірінен жоғары) «сфераға» (грекше «sphaіra» -шар), ал төменгі жағы «конусқа» (латынша «conus», грек тілінде «konos»-геометриялық  дене) ұқсайды. Сфероконустардың көбіне аузы тар. Бүйірі домалақ, түбі үшкір, кең иықты, мойны жіңішке әрі қысқа, бас жағы саңырауқұлаққа ұқсас, ернеуі ұршықтасы секілді, қара сұр және күлгін сұр түсті болып келеді. Сырттары әртүрлі тәсілде әшекейленеді. Сынапты тасымалдау үшін немесе жұпар судың ыдысы ретінде пайдаланылған.

Шойыннан жасалған мүсінше. Бір қайықтың үстінде 2 адамның бейнесі бейнелену арқылы жасалған. Бір жағында бай адамның бұйрық беріп отырған, ал екінші бір жағында жарлы адамның ескек есіп жұмыс жасап отырған бейнесі көрсетілген. Жалпы келген көрермендерімізге, мән-мағынасын біз былай деп түсіндіреміз: «Қандай адам болмасын, бай болсын, жарлы болсын, екеуі де бір кеменің үстінде келе жатыр». Қашан да біздің халқымыз қалып айтпаған, бұл көршілес елдің жерінде шығарылған мүсіншеге де біздің ата-бабамыздың бір нақыл сөзі бар:  «Кемедегі адамның жаны бір» деген.

Сырланбаған қыш ыдыстары –ХІІІғ.  Сарайшық қазба орнынан табылған. Қыштан жасалған ыдыс. Жалпы қыштан жасалынған ыдыстар Сарайшықта керамикалық коллекцияның 80-90%-ын құрайды. Дайындау үшін шикізат ретінде құрамы темір тотығымен, иі қануымен және ұсақ қоспалармен (қоңыр темір-тас, пирит, слюда, әктас) ерекшеленетін темірленген балшық пайдаланылған.  Формалық массаларды дайындау технологиясы жоғары деңгейде дамыған, себебі сынған жерлері тегіс, кедір-бұдырсыз болып келген. Жалпы барлық ыдыстар «көзе дөңгелегінде» жасалған.  Ыдыстардың көбісі ангобталған, яғни боялған.

Сырланған қызыл балшықты қыш бұйымдар. Қыш бұйымдарды жасау үшін темірлеген, пластикалық қасиетті жоғары немесе орташа деңгейлі балшықтар, соның ішінде әртүрлі темірленген қоспалы, темірленген және карбонаттық қоспалы түрлері пайдаланылған. Қоңыр теміртас, слюда және әктас бұл балшықтардың табиғи қоспалары болып келеді. Қамыры, ыдыстардың сынықтары арқылы көз жүгіртсек, өте тығыз да тегіс немесе ұсақ қиыршықты. Жасанды қоспалар ретінде тозаң түрлі, негізгіге ұқсас шамот пен ргоза жиірек, ал граниттік ірі құмдар сирек пайдаланылған. Барлық бұйымдар көзе дөңгелегінде даярланған. Бұйымдардың сырлануы әртекті болып келеді: мөлдір қорғасандық және күңгірт; қорғасынды-сілтілі және сілтілі. Жасыл мөлдір сырлы, мөлдір сары сырлы, қоңыр сырлы, мөлдір, түссіз сырлы қыш бұйымдар.

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy