Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Сарайшық» музей-қорығы 2022 жылды қорытындылады

Бүгін «Сарайшық» музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті. Ғылыми кеңеске т.ғ.к. Ж.Мұстафин, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті профессоры, «Мәңгілік Ел» Ғылыми зерттеу орталығының директоры, т.ғ.д. А.Қ. Ахмет, т.ғ.к., археолог М. Касенов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Үздік өлкетанушысы Т. Жаңабай, өлкетанушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР ЖҒА-ның академигі Ө. Әлімгерей, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі директоры, магистр, тарихшы М.Қ. Кипиев, Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысы Т. Достыбаев, журналистер Ж. Қалым, Қ. Айтқалиев, Сарайшық ауылы ардагерлері Х. Сисенғалиев, Н. Құрмашев, Г. Амиров және музей-қорық қызметкерлері қатысты. Кеңесте музей-қорық директоры, профессор Ә. Мұқтар «2022 жылғы атқарылған жұмыстар қорытындылары және алдағы келелі мәселелер», бас есепші А. Қайреденова «Музей-қорықтың 2022 жылғы қаржылық есебі» баяндамасы тыңдалды. Кеңес барысында «Сапар орталығын музейлендірудің бүгінгі жайы және болашағы», «2022 жылғы археологиялық зерттеулер және олардың нәтижелері», «Музей-қорықтың Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерге қатысуы және олардың нәтижелері», «Музей-қорықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары», «Музей-қорықтың әлеуметтік желілермен жұмысы», «Мекеменің 2022 жылғы жұмыс жоспарының және Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы», «Ғылыми кеңестің құрамына өзгерістер енгізу», «Мекеменің 2023 жылғы жұмыс жоспары және Ғылыми кеңес жоспарын бекіту», «Ортағасырлық Сарайшықты археологиялық зерттеу және ішінара қалпына келтіру тұжырымдамасы» бойынша талқылаулар болды. Жиын соңында Ғылыми Кеңестің қаулысы қабылданды.
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru