Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Атыраулық сенаторлар Сарайшыққа келді

2022 жылы 5 қаңтарда Сарайшық «Сапар орталығы» құрылысының сапалы салынуына, ортағасырлық Сарайшықтың сақталуына, зерттелуі мен туристік аймаққа айналуына сүбелі үлесін қосқан, ҚР Үкіметі, Парламенті деңгейінде көтерілуіне қолдау көрсеткен атырулық сенатор Ғұмар Дүйсембаев, сенатор Сағындық Лұқпанов арнайы Сарайшыққа келді. Сенаторлар, Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев «Сарайшық» «Сапар орталығы» құрылысы және жаңа музей экспозициясы барысымен танысты. Кездесу барысында т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Мұқтар ортағасырлық Сарайшықтың «Қазқайтажаңарту» мекемесімен бірлесе жасаған қорғау аймағы, оны дамытудың Бас жоспарымен және 2021-2022 жылдардағы «Хан моласы», Қарағайлы мекеніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары, олардың нәтижелерімен таныстырды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru