Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Ортағасырлық Сарайшықтың бас жоспары» дөңгелек үстелі өтті

2022 жылғы 22 қарашада «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Сарайшықтың бас жоспарын» талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиналғандарды ортағасырлық Сарайшықты дамытудың бас жоспарымен «Қазқайтажаңарту» ШЖҚ РМК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының басшысы Бекзат Мыржиев таныстырды. Жоспарды талқылауға археологтар, өлкетанушылар, облыстық мекемелер басшылары, Сарайшық ауылдық округі әкімі, ауылдың белсенді ақсақалдары қатысты. Пікірталас барысында ауыл тұрғындары атынан көне деректерде жазылған мұнараларды бас жоспарға енгізу, ортағасырлық Сарайшықтағы әулиелердің орнына белгі орнату, ескерткіш орнын абаттандыру, қала орнындағы зиратты қоршау туралы ұсыныстар айтылып, назарға алынды.
 
 
 
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru