Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

«Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» атты конференция ұйымдастырылды

2022 жылғы 17 қарашада «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ағымдағы жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының ақпараты, нәтижелері және жетістіктерін қорытындылау мақсатында «Археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізді. Шараға "Астана" халықаралық университеті, PhD Елдос Кариев "Қызылқоға ауданы Миялы қорымындағы 2022 жылғы зерттеулердің алғашқы қорытындылары", Назарбаев университетінің ассистенті, докторант Айдын Жүнісханов "Ақбауыр ІІ қонысында 2022 жылы жүргізілген далалық зерттеулердің алғашқы қорытындысы", "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Қуаныш Абильмаликов "Археологические исследования на поселении Ботай в 2022 году", Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология ғылыми-зерттеу секторының ғылыми қызметкері, т.ғ.к., археолог Марат Қасенов "Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің 2022 жылға археологиялық барлау жұмыстары", Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Архад Молдахмет "Сырдарияның төменгі ағысындағы Алтын Орда дәуірінің қалаларына жүргізілген археологиялық зерттеулер", "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы "2022 жылы "Сарайшық" музей-қорығының жаңадан анықтаған археологиялық ескерткіштері" және "Сарайшық" музей-қорығының ғылыми қызметкері, магистр Жүніс Байғалиев "Сарайшықтағы №3 қазба орнында жүргізілген жұмыстар" тақырыбында баяндамалар жасалды. Жиын соңында қатысушылар сұрақтарына жауаптар беріліп, өзара пікір алмасылды. Одан өзге, конференцияны жыл сайын өткізіп тұруға ұсыныс жасалып, мазмұнды ойлар қорытындыланды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru