Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Ғалымдар Атырау университетінде бас қосты

22 қыркүйекте "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірге Атырау өңірінің археологиялық зерттеу жұмыстары туралы дөңгелек үстел өткізді. Шараға археолог, т.ғ.д., профессор М. Елеуов (Қазақстан, Алматы), т.ғ.д., профессор Ә.Қ. Мұқтар (Қазақстан, Сарайшық), нумизмат, т.ғ.к., профессор П.Н. Петров (Ресей, Москва), археолог В.В. Плахов (Ресей, Астрахань), т.ғ.к. М.С. Қасенов (Қазақстан, Атырау), этнограф, т.ғ.к. Ж. Ерназаров (Қазақстан, Орал қ.), т.ғ.д., профессор С. Сапанов, т.ғ.к. Г. Қаирғалиева, археолог А. Заинов және оқытушылар мен магистранттар қатысты. Дөңгелек үстел модераторы С. Сапанов болды. "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы басшысы, т.ғ.д., профессор Ә.Мұқтар кіріспе сөз сөйледі. Дөңгелек үстелде археолог А. Заинов "Атырау университетінің 2021-2022 жж археологиялық ізденістері", археолог М. Елеуов "Қазіргі қазақстандық археология ғылымы", нумизмат П. Петров "Сарайшық қаласының нумизматикасы", археолог В. Плахов "Археология ғылымындағы өзара ғылыми байланыстар", этнограф Ж. Ерназаров "Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстар" тақырыбында сөз сөйледі.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru