Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Сарайшық” музей-қорығы жаңа алтынордалық мекен анықтады

2022 жылғы 21 қыркүйекте еліміздің және Ресей елінен келген белгілі ғалымдар керуен жолдарын бойлап, барлау экспедициясына шықты. Экспедиция барысында ғалымдар Канал, Шойтас тұрағы және Құлпытас мекені, сонымен қатар жаңа анықталған алтынордалық Қарағайлы мекеніне барды. Сарайшықтан 20 км қашықтықта орналасқан Қарағайлы мекенінің маңыздылығын жиынға қатысқан ғалымдар археолог, т.ғ.д., профессор М. Елеуов, нумизмат, т.ғ.к. П. Петров, археолог В.Плахов және археолог, т.ғ.к. М. Қасенов ерекше атап өтті. Одан өзге, мекенді ғылыми-зерттеу және сақтау қажеттігін алға тартты. Бұл да "Сарайшық" музей-қорығында жүргізіліп жатырған ғылыми-зерттеу жұмыстарының оң нәтижесін көрсетеді. Сондықтан жаңа мекеннің ашылуы музей-қорықтың тағы бір жетістігі болмақ. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru