Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Керуен жолдарына экспедиция басталды

2022 жылы 21 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы ұйымдастыруымен Қазақстан және Ресейдің белгілі ғалымдарының қатысуымен керуен жолдарын бойлап барлау экспедициясына шықты.
Экспедиция құрамында ҚР Мәдениет және спорт минисртлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалы-нысалы қаржыландыруы аясында «Қазақстанның батыс өңіріндегі Алтынордалық қалалар, көне керуен жолдары және керуен-сарайлар: пәнаралық зерттеулер (ХІІІ-ХҮ ғғ.)» жобасының жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Ұ.Т. Ахметова (Қазақстан, Атырау), тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қ. Мұқтар (Қазақстан, Сарайшық), археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов (Қазақстан, Алматы), нумизмат тарих ғылымдарының кандидаты, профессор П.Н. Петров (Ресей, Москва), археолог В.В. Плахов (Ресей, Астрахань), М.С. Қасенов тарих ғылымдарының кандидаты, (Қазақстан, Атырау), этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Ерназаров (Қазақстан, Орал қ.), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасының 3 курс докторанты А.Молдахмет, археолог, тарихшы А. Тұрарұлы, археолог, магистр А. Жұмабаев және БАҚ өкілдері бар.
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru