Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Сарайшық зерттеушілері" жобасы жүзеге асырылды

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Ә.Марғұлан атындағы Археология инситуты директорының орынбасары тарих ғылымдарының кандидаты Манапова Әлия Мерекеқызымен «Сарайшық зерттеушілері» жобасы аясында кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Әлия Мерекеқызы 1950 жылы Сарайшықта археологиялық зерттеу жүргізген Ә.Х.Марғұлан туралы мәліметтермен бөлісті. Сұхбатқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары, тарих ғылымдарының кандидаты Болат Жұмағұлов пен тарих ғылымдарының докторы Ғизатулла Халидуллин қатынасты. Тыңдаушылар өз тараптарынан қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтерін алды. «Сарайшық зерттеушілері» жобасы болашақта өз жалғасын таппақ.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru