Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

Атырау облыстық туберкулезге қарсы шипажайдың балалары Сарайшықта

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайының демалушыларына ортағасырлық Сарайшық қаласының тарихын таныстырды.

Жыл сайын шипажай директоры Мұхтарова Ұлжан Мақсұтқызының қолдауымен балалар қызықты саяхатқа шығып, кешенмен танысады. Биылғы сапарларында балаларға этнографиялық жәдігерлер топтамасын таныстырып, «Әжемнің сандығынан шыққан» жәдігерлер туралы әңгімеленді. Көненің көзі, ата-әжелерімізден қалған алаша, ши, кебеже, жастағаш сынды асыл мұраларымыздың тарихы әңгімеленіп, оларды балалардың өз қолымен ұстап көрулеріне мүмкіндік жасалды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru