Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

1 маусым - Халықаралық балалар күніне арналған шара

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» республикалық акциясын қолдап, осы күні Атырау қаласында орналасқан «Зейін Атырау» ерекше балаларды дамыту орталығының шәкірттерімен кездесу ұйымдастырды.

Орталық жетекшісі Арай Бағытжанқызы балалармен бірге ата-аналар мен ұжым мүшелерін бірге алып келді. Арнайы жасақталған бағдарлама барысында музей қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, музеймен таныстырды. Сарайшық селолық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Бүлдіршіндерге арнап музей ауласында ойындар, сайыстар ұйымдастырылды. Шара соңында кішкентай қонақтарға музей ауласындағы киіз үйден дәм ұсынылып, шағын сыйлықтар таратылды.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru