Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

“Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері” дөңгелек үстелі

2021 жылдың 04 маусымында Сарайшық музей-қорығы директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Мұқтар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткізілген “Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері” аймақтық дөңгелек үстелге қатысып, Алтын Орда, Қазақ хандығы тарихы, Прорва-Астрахан лагері жөніндегі мәселелерді көтерді. Дөңгелек үстелге, сондай ақ, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ.д., профессор, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З. Қабылдинов, т.ғ.д., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Ғ. Халидуллин, т.ғ.к., доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Б. Жұмағұлов және Атырау университетінің ғалымдары баяндамалар жасады, бірнеше ұсыныстар айтты. Іс-шараға қатысушылар көтерілген мәселелерді ұтымды саралап, ойтүйді.
 
 Возможно, это изображение (2 человека, люди сидят и люди стоят)
Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru