Ортағасырлық Сарайшық – Қазақ елінің астанасы
"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" РМҚК
Виртуалды тур

"Уфа қаласы тарихи" музейімен қелісімшартқа қол қойылды

Бүгін, яғни 26 мамырда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы алдын-ала жүргізілген келісім бойынша Башқұртстан Республикасы Уфа қаласының қалалық округінің муниципалды бюджеттік мекемесі «Уфа қаласының тарихы» музейімен тікелей эфирде кездесу өткізді. Кездесу барысында музей басшылары Ә.Мұқтар мен Т.Ильясов бірігіп атқарылатын жұмыстарды талқылады. Тарих ғылымдарының кандидаты Тимур Тагирұлы «Уфа қаласының тарихы» музейіне қысқаша шолу жасап, соңынан музейге онлайн-экскурсия жасалды. Уфа қаласының өткені мен бүгінін қамтитын бейнебаян көрсетілді. Кездесу соңында музей басшылары тікелей эфирде өзара ынтымақтастық келісімшартына қол қойды. Бұл болашақта бірігіп атқарылатын іргелі істердің алғышарты. Келесі қадам – Сарайшық музей-қорығының онлайн –көрмесімен жалғаспақ.

Жұмыс кестесі

Дүйсенбі/Жексенбі: 09:00-18:30

Түскі үзіліссіз/демалыссыз

Кері байланыс

Тел/факс: +7 702 059 7858

E-mail: museumsaraishik@mail.ru