Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Murajaı týraly

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Музей-қорық 1999 жылғы 19 қазанда Атырау облысы әкімінің № 209 шешімімен «Хан ордалы Сарайшық» облыстық мұражай-қорығы болып құрылған болатын. Кейін, 2018 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 162 қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) болып қайта құрылды.

Кәсіпорынның қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Қызметінің мақсаты – мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және танымдық-туристік қызметті, оның ішінде тарихи-мәдени мұраны сақтауды, оны танымал етуді жүзеге асыру.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдіснамалық, мәдени-білім беру қызметін жүзеге асыру;

2) музей ісі саласында халықаралық пен ведомствоаралық ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты жүзеге асыру;

3) ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтардың және музей заттарының қорғалуын қамтамасыз ету;

4) ғылыми-қор жұмысын жүзеге асыру, ғылыми тұжырымдамаларды, музей қызметінің негізгі бағыттарын әзірлеу;

5) тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми тәжірибелік конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен өткізу;

6) музей экспозициялары мен көрмелердің тақырыптық-экспозициялық жоспарларын әзірлеу, жобалау және құру;

7) кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша оқу құралдарын басып шығару, музей қорларын толықтыру үшін фото және бейне түсірілімдер жүргізу т.б.

Сонымен бірге, кәсіпорын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018 жылғы 13 желтоқсанда берілген  №18022399 лицензиясы негізінде республика аумағында тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу бойынша қызмет көрсетеді.

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-ның штат саны – 30. Кәсіпорынның құрылымы төмендегідей 5 бөлімнен құралған:

  • Әкімшілік басқару бөлімі

– директор

– директордың орынбасары

– ғылыми хатшы

  • Әкімшілік-қаржы бөлімі

– бас есепші

– заңгер

– мемлекеттік сатып алу маманы

– кассир

  • Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау бөлімі

– тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі бас инспектор

– аға ғылыми қызметкер

– ғылыми қызметкер

– кіші ғылыми қызметкер

– археолог

– инспектор

  • Ғылыми-қор жұмысы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімі

– бас қор сақтаушы

– қор сақтаушы

– суретші-реставратор

– әдіскер

– экскурсовод

– музей залын қараушы

  • Әкімшілік-шаруашылық бөлім

– қойма меңгерушісі

– инженер

– күзетші

– көлік жүргізуші

– тазалықшы

– оператор

 

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy