Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Esep bólіmі

Мекеменің бас есепшісі – Қайреденова Айгүл Жоламанқызы

     1970 жылы 17 қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық елді мекенінде туылған. 1977-1987 жылдар аралығында Сарайшық орта мектебінде білім алған. 1987 жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтының, экономика факультетіне оқуға қабылданған. Институтты 1992 жылы аяқтап, 2001 жылға дейін, Сарайшық ауылындағы Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде экономика және маркетинг пәнінен дәріс берген.  2001-2002 жылдары Сарайшық ауылындағы мүгедектер үйінде экономист болып жұмыс жасаған. Ал 2002 жылдан бастап «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында есепші болып қызмет етеді.

     Бөлім жұмысы мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын, түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз етеді. Мекеменің қаржылық жоспарын, сондай-ақ шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін, т.б. қамтамасыз етеді. Тауарларды, міндеттерді, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Мекеменің қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy