Бүгін Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Атырау қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектепте «Алтынордалық Сарайшық және әлемдік өркениет» атты көшпелі көрмесін өткізді. Көрме барысында тоғыз жолдың торабында орналасқан ортағасырлық Сарайшық қаласынан табылған бірқатар құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтқанда, қыш шеберлерінің қолынан шыққан қыш және сырлы бұйымдар, сүйек пен темірден жасалған артефактілер, сондай-ақ күміс және мыс тиындар коллекциясы көрермен назарына ұсынылды. Шара аясында оқушылар арасында білім сайысы ұйымдастырылып, тарихи-мәдени мұрамызға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған танымдық белсенділік жүргізілді.









