2022 жылғы 4 маусымда Сарайшық - Үргеніш аралығындағы көне керуен жолы бойымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Экспедиция мүшелері Ұшқан қаласы, Бақашы тарихи ескерткішінде зерттеу жүргізіп, Таскешу керуен-сарайы мен Шеңгелді құдығы тарихи орындарымен танысты.