«Сарайшық” музей-қорығының ғалым хатшысы, магистр Ж.Диярова Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде іс-тәжірибе алмасты. Іс-тәжірибе алмасу барысында Ұлттық музей қорында сақталған ортағасырлық Сарайшыққа қатысты жәдігерлермен танысып, қор сақтау бөлмелерінде болып, музей құндылықтарының заманауй үлгіде, қор сақтау және экспозициялау бағытындағы жұмыстардың жаңа әдістерімен танысты.