Ortaǵasyrlyq Saraıshyq – QazaQ Eliniń astanasy
«Saraıshyq» memlekettik tarıhı – mádenı mýzeı – qoryģy»

Нұр-Сұлтан қаласында болып өткен «Сарайшық – Ұлы Дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» дөңгелек үстел аясында «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге негізінен Жошы Ұлысының рухани астанасы - Сарайшықтың археологиялық қазбасы кезінде табылған жәдігерлер қойылды. Сондай-ақ, көрмеден Ұлық Ұлыс астаналары Сарай-Бату, Сарай-Берке және Ақ-Сарайдан әкелінген мұралар орын алды. 
Көрме Ұлттық архив ғимаратында 28-29 ақпанда өтті.

Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасы жəне Туған жер туризм клубымен бірлесе «Әлеуметтік кәсіпкерлік» апталығы аясында баларларға арналған жазғы экскурсияға қатысты. Музей-қорық «Ortaǵasyrlyq Saraıshyq: Qazaq Eliniń astanasy» атты көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығымен танысты, Сарайшық зерттеу саласындағы алдағы жоспарлармен және зерттеулермен танысты. Сонымен қатар, Сарайшықты зерттеген Ә.Марғұланның қилы тағдырымен таныстырды және жаңадан табылған карта туралы, Сарайшықты зерттеудегі болашақ жаңалықтар туралы ақпараттар берілді.

16-17 сәуірде Атырау облысы Индер ауданында «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Ортағасырлық Сарайшық: Қазақ Елінің астанасы» атты жылжымалы көрме болып өтті. 
Көрмеден құрылыс тастары, су және кәріз құбырлары, зергерлік бұйымдары, қағаз ақша және тиындар, сүйектен жасалған құралдар, Сарайшық жайлы еңбектер және архив құжаттары, қылыш, жебе, найзаның басы, Сарайшық туралы сыр шертетін суреттер (Автор: Отарбай Кендір) келушілердің назарына ұсынылды. Екі күнге созылған көрме барысында мұғалімдер және оқушылар, ардагерлер жалпы алғанда 200-ге жақын адам тамашалады.

Page 1 of 3

Jūmys kestesі

Düisenbі/Jeksenbі: 09:00-18:30

Tüskі üzіlіs uaqyty: 12:30-14:00

Kerі bailanys

Tel/faks: 8-712 362 55 06

E-maıl: museumsaraıshık@maıl.ru

Sayahat kartasy